Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы туберкулезге қарсы күрес диспансерінің басшысы, МКК бас дәрігері Сапиева Жанар Әділханқызы айтты.
Оның айтуынша, 2018 жыл 6 айында 299 адам емдеудің оң нәтижесін көрсетті, ал 2017 жылы - 435 науқас емді аяқтады.
Алматыда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі жоғары. Осылайша, туберкулезбен ауыратын науқастардың алғаш анықталған саны 2016 жылы 87,4%, және 2017 жылы - 92,0%, 2017 жылы туберкулезбен ауратын науқастардың арасында көптеген дәрілерге көнбейтін (бұдан әрі - КДК) емдеу тиімділігі жақсарды 77,0% - ды құрады, ал 2016 жыл 76,3% -құрады.
2007 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға 12,4 құрады және 2017 жылы 3,4 есеге төмендеді, 2017 жылы 100 мың тұрғынға (65абс.с.) 3,7 –көрсеткішті құрады және 2016 жылы 100мың тұрғынға (67 абсс.) 3,9 көрсеткішті құрады. 2018 жылдың 6 айлық өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға 1,3 құрады, сондай-ақ ҚР бойынша 1,3.
2017 жылы ересектер арасында «қатерлі» топтарындағы флюорографиялық тексерулермен қамту 100,5% - ды құрады, абсолюттік сандарда 719 107 адам қамтылды. (2016ж 709 255 тұлғалар).
2018 жылдың 6 айында үйдегі стационар кеңейтілді, 3 мобильді топ туберкулезбен ауратын 40 науқастарға қызмет көрсетеді (бұл босанғаннан кейінгі әйелдер, жүктілер, мүмкіндігі шектеулі жандар және балалар) және 41 науқас видео бақыланатын ем алуда.
Қалада өткізілетін бірқатар туберкулезге қарсы іс-шараларға үкіметтік емес ұйымдар тартылады Барлығы алты үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс туралы меморандумдар жасалған:
- ЖҚТБ-мен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың гранты, туберкулезбен және безгекпен «Трансшекаралық бақылау және ТБ, КДК ТБ және ТБ/АИТВ еңбек мигранттары арасында емдеуге бағытталған іс-шаралар»;
- халықаралық KNCV ҮЕҰ, Әріптестік қызметті бойынша жобасы "Қазақстандағы ТБ Тоқтатайық"; "Санат Әлемі" қоғамдық қоры;
- «Қазақстандағы AFEW» ҚҚ; «Доверия плюс» ҚҚ.
"end TB" жобасы бойынша жаңа туберкулезге қарсы препараттарды (бедаквилин және деламанид) және қайта бейімделген қосалқы дәрілік препараттарды (линезолид, клофазимин және имипенем/циластатин)ТБ КДК/АДК емдеу үшін қолданылады. Жобаны 3 үкіметтік емес ұйым (Партнеры во имя здоровья, Врачи без границ және Интерактивті зерделеу) іске асыруда. Жоба аясында Алматы қаласы бойынша 56 емделушілері барп, 2016-2018 жылдары АТҚКД базасында жаңа туберкулезге қарсы препараттармен (ТҚП) қамтылған.